Алматыдағы жол кептелісі «жасыл толқын» әдісімен шешілмек

Фотография - Алматыдағы жол кептелісі «жасыл толқын» әдісімен шешілмек

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Жол полициясы басқармасының бастығы Юрий Редько баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді

197 0

Алматы қаласындағы жол кептелісі «жасыл толқын» әдісімен шешілмек. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Жол полициясы басқармасының бастығы Юрий Редько баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта біз әкімдікпен бірлесе отырып қала көшелеріндегі көлік қозғалысын реттеу мақсатында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі күні Жол полициясы басқармасы 6 магистральдік көшені қарастыруда. Атап айтсақ, Жандосов, Абай, Комсомольская, Райымбеков, Рысқұлов, Сәтпаев көшесіне ұласатын Шаляпин және магистральдік көшеге өтетін шағын көшелер бар. Қазіргі таңда нысандармен шұғылданатын қызмет түрі барлық бағдаршамдарды қамтып, жол кептелісі арта түсетін уақытты зерттеп жатыр», - деді Ю.Редько.

Оның айтуынша, таңғы сағат 7-ден 10-ға дейін және кешкі 17.00-ден 22-23.00-ге дейін қала көшелерінде кептеліс пайда болады.

«Біз жол кептелісін «жасыл толқын» әдісімен шешпек ойымыз бар. Нақты түсіндірп өтетін болсақ, бұл тәсілге сәйкес, бағдаршамдар батыс-шығыс немесе шығыс-батыс бағытымен белгілі бір уақыт аралығында ешбір кедергісіз, жылдам өтуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл жұмысты жалғастыра береміз», - деп толықтырды басқарма бастығы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!