Алматыда «Скат» ұшағы қону алаңынан шығып кеткен

Фотография - Алматыда «Скат» ұшағы қону алаңынан шығып кеткен

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

151 0

Алматы әуежайында «Скат» әуе компаниясына қарасты Ан-24 ұшағы қону кезінде ұшып-қону алаңының сыртына шығып кеткен. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 7 ақпан күні сағат 00:25 кезінде болған. Ұшақ Тараз-Алматы бағытында ұшып келген. Бортта 24 адам болған. Олардың 20-сы жолаушы, 4-і экипаж мүшелері. Зардап шегушілер жоқ. Әуе көлігі де зақымданбаған. Ұшақ тоқтап, қозғалтқышы сөндірілген соң тұраққа апарылған.

«Сапардан оралып, Алматы әуежайына қонар кезде қолайсыз ауа-райының (тұман) салдарынан Ан-24 ұшағының экипажы қону сызығынан шығып кеткен», -делінеді әуе компаниясы хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 29-шы қаңтарында 13 сағат 30 минутта Алматы облысының Іле ауданындағы Қызылту елді мекенінің жанында Көкшетау-Алматы бағытымен ұшып келе жатқан CRJ 200LR ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 16 жолаушы, олардың арасында біржарым жастағы сәби және экипаждың бес мүшесі болды. Олардың барлығы да қаза тапты.

Ол ұшақ «Скат» әуе компаниясына тиесілі болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!