Жол полицейлерінің қызметі қатаң бақылауда болады

Фотография - Жол полицейлерінің қызметі қатаң бақылауда болады

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің төрағасы Берік Бисенқұлов Қызылорда облысының тәртіп сақшыларымен кездесті

244 0

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің төрағасы Берік Бисенқұлов Қызылорда облысының тәртіп сақшыларымен кездесті.

Олар Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясын талқылады. Жолдауда ішкі қауіпсіздік пен қоғам тыныштығын сақтауда полицейлерге зор міндет жүктелген. Аймақта жол қауіпсіздігін сақтауға айырықша мән берілуде. Былтыр 36 патрульді көлік алынса, биыл көшедегі бейне бақылау қондырғылары көбейтілмек. Берік Бисенқұлов жиын барысында білікті кадрлар құрамын жасақтау мен олардың жауапкершілігін арттыру жайына ерекше екпін берді. Сонымен қатар жол ережелерінің жиі бұзылуы, жол полицейлерінің сыбайлас жемқорлыққа жол беруі сынды өзекті мәселелер талқыланды.

Берік БИСЕНҚҰЛОВ, ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы:

- Біз республика жолдарындағы кемшіл тұстарымызды анықтап, жаңа құқықтық тәртіп қабылдауымыз қажет. Бүгінгі таңдағы заң заман талабына сай келмей тұр. Тәртіпсіз жүргізушілермен күресті күшейтіп, жемқор полицейлерді жазалайтын боламыз. Қала көшелері мен халықаралық көлік жолын қауіпсіз жолға айналдыру үшін барлық тың технологияларды қолданысқа енгіземіз.

Әмір ШАЙМАҒАНБЕТОВ, Қызылорда облысы  ІІД бастығының орынбасары:

- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жол полициясы басқармасында бұрынғы берілетін жүргізуші куәліктері, автотранспорт құралдарын тіркеу, мемлекеттік белгі беру іс-шарасының барлығы жыл аяғынан бастап арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына берілетін болып белгіленді. Бұл мақсатта 4 гектар жер бөлінді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!