Жол апатына ұшырағандарға дер кезінде көмек көрсетілді

Фотография - Жол апатына ұшырағандарға дер кезінде көмек көрсетілді

Кеше түнгі 23 сағат 45 минут шамасында   «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісіне Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісінен Журба - Шевченко көшелерінің қиылысында жол көлік оқиғасы болғандығы жөнінде хабар түседі

161 0

Кеше түнгі 23 сағат 45 минут шамасында   «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің жедел кезекшісіне Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісінен Журба - Шевченко көшелерінің қиылысында жол көлік оқиғасы болғандығы жөнінде хабар түседі.

Жасақ құтқарушылары дер кезінде төтенше жағдай орын алған жерге жетіп, жағдайды анықтады. 2 адам автокөлік ішінде қысылып қалған. Олар арнайы гидравликалық құрал-жабдықтарды пайдаланып, автокөліктен зардап шегушілерді сыртқа шығарып, жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!