Бизнеске бөгет жасағандарға «сыйлық» берілді

Фотография - Бизнеске бөгет жасағандарға «сыйлық» берілді

Таразда «Тежегіш қалып» атты адам айтқысыз салтанатты рәсім өткізілді. Бизнесмендер кәсіпкерлікке ең көп бөгет жасайтын мемлекеттік органға антисыйлық табыс етті

145 0

Таразда «Тежегіш қалып» атты адам айтқысыз салтанатты рәсім өткізілді. Бизнесмендер кәсіпкерлікке ең көп бөгет жасайтын мемлекеттік органға антисыйлық табыс етті.


Пошымы бөлек сыйақыны тағайындауға мұрындық болған Жамбыл облысы кәсіпкерлерінің құқын қорғап жүрген «Атамекен» одағы. Номинанттар прокуратураның заңсыз тексеріс ұйымдастырған деген есебі бойынша таңдап алынды. Сөйтсек, былтырғы жылы кәсіпкерлерді ешқандай негізссіз ветеринарлық инспекция көп тексерген екен. Бизнасмендер осы қызметтің өкілдеріне ду қол шапалақтап «құрмет көрсете» грамота мен теміржолдың 12 келілік тежегіш қалыбын табыс етті. Қалыпқа мерекелік реңк беру үшін оның беткі қабатын алтынжал бояумен жалатқан.

Шараны ұйымдастырушылар сыйлықты лауреаттың қолын бір ұстатып қайтарып алды. Өйткені ол жыл сайын қолдан қолға ауыстырылып берілетін көшпелі сыйлық көрінеді. Жамбыл облысында кәсіпкерлердің жұмысына ең көп кедергі келтіретін екінші мекеме салық инспекциясы көрінеді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!