Балқаш көлі арқылы өтетін жаңа жол Астана мен Алматы аралығын 200 шақырымға қысқартады

Фотография - Балқаш көлі арқылы өтетін жаңа жол Астана мен Алматы аралығын 200 шақырымға қысқартады

Бүгін Алматы облысына ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев бастаған республикалық ақпараттық-насихат тобы келді

259 0

Бүгін Алматы облысына ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев бастаған республикалық ақпараттық-насихат тобы келді.

Облыс активімен кездесуінде Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының негізгі бағыттары жайында, оның ішінде  Президенттің республиканың көліктік инфрақұрылымды дамыту аясында берген тапсырмаларына барынша назар аудара отырып, баяндады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жиын барысында А. Жұмағалиев Көлік және коммуникация министрлігі қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасы бойынша Инфрақұрылымды дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, бұл бағдарлама мультипликативтік экономикалық тиімділікке, транзиттік әлеуетті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Жалпы, биыл ортақ пайдаланымдағы 9 мың шақырым автожолды жөндеуден өткізу жоспарланған. Оның ішінде, Астанадан Ақтау, Алматы және Өскемен бағыттарында қазіргі заманғы үш автожол салу жөніндегі жұмыстар басталатын болады.

«Астана-Алматы бағытындағы жол Балқаш көлі арқылы өтетінін ескерсек, оның ұзындығы 200 шақырымға қысқаратын болады. Қазіргі уақытта министрлік Алматы - Қапшағай және Астана - Теміртау учаскелерінің жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеумен айналысуда. Ол жолдарды қайта жаңарту жұмыстары биыл басталмақ»,- деді ведомство басшысы. Оның айтуынша, ағымдағы жылы Астана - Өскемен бағытындағы  жаңғырту жұмыстары аясында Павлодар мен Семей қалалары арасындағы жол құрылыстарын бастау жоспарлануда.

Астана - Ақтау бағытының бір бөлігі, атап айтқанда ұзындығы 300 шақырым Бейнеу - Шетпе учаскесінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Шетпеден Ақтауға дейінгі ұзындығы 177 шақырым учаскедегі құрылыс жұмыстарын осы жылы бастау жоспарланған. Бұдан бөлек, Алматы  облысы  бойынша Қапшағай  мен Талдықорған  арасындағы автожол учаскесін жөндеуді жалғастыру көзделген. Бұл қосымша  жұмыс орындарын ашуға  септігін тигізбек. Бұдан басқа, ағымдағы  жылы ұзындығы  16 шақырым  болатын «Сарқанд қаласын айналып өту» учаскесі  қолданысқа  беріледі.

Темір жол саласы бойынша еліміздің орталығын батыс өңірімен қосатын Жезқазған - Бейнеу және Арқалық - Шұбаркөл желілерін салу жұмыстары жалғасады. Бұдан тыс, Президенттің тапсырмасына сәйкес Балқаш көлі арқылы өтетін көпір арқылы Астана - Алматы жоғары жылдамдықты теміржол магистралі құрылысын іске асыру жұмыстары қолға алынады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!