2020 жылға мал басы көрсеткішін 50%-ға жеткізу жоспарлануда

Фотография - 2020 жылға мал басы көрсеткішін 50%-ға жеткізу жоспарлануда

Еліміздегі жалпы мал басының 17%-ы ғана асыл тұқымды

260 0

Еліміздегі жалпы мал басының 17%-ы ғана асыл тұқымды. 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті 50%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Ол үшін асыл тұқымды малдарды да шаруашылықтардағыдай жекеменшік қолдан ұрықтандыру қажет. Сонда ғана малдың генетикалық тұқымы жақсарып, мол өнім мен өсім береді. Еліміздің барлық өңіріндегі аграрлық сала мамандары Талдықорғанда бас қосып, мал басын асылдандыру мәселесін талқылады.

Мал баққанға бітеді. Қазақ даласы қазір төрт түлікке толды. Шаруашылықтардың ендігі міндеті – сол малды асылдандыру. Бұл тұрғыда солтүстік облыстардағы шаруалар пысықтық танытып отыр. Ал оңтүстік өңірлерде Алматы облысы көш бастап тұр. Талдықорғанда 2003 жылы ашылған орталықта тек асыл тұқымды бұқалар бағылады. Қазір мұнда әртүрлі 43 бұқа болса, 2 миллионға жуық ұрық арнайы зертханаларда сақталған.

Бекен ЕРДЕНОВ, «Мал тұқымы» орталығының директоры:

- Франция мемлекетінен «Шарле Лимузин» деген жақсы етті бағыттағы тұқым алсақ деген келісімшартымыз бар.

Орталық мамандары болашақта асыл тұқымды қошқарлар әкелмек. Қазір арнайы мәртебесі бар шаруашылықтар болмаса, жеке меншікте асыл тұқымды мал ұстайтындар саусақпен санарлық. Бүгінде елдегі жалпы асыл тұқымды мал басы орташа көрсеткіштен де төмен.

Қанат ЫДЫРЫСОВ, ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаментінің директоры:

- Жалпы республика бойынша енді малдың әр түріне  байланысты 7%-дан 17%-ға дейін. Мысалы түйе шаруашылғында - 17%, жылқы шаруашылығында - 12%. Бұл – орташа көрсеткіштер. Ал облыстарда жағдай әртүрлі.

Мамандардың айтуынша, мал басын жедел асылдандыруда қолдан ұрықтандыру тиімді. Сондықтан жекеменшік малдарды қолдан ұрықтандыру мәселесі қолға алынбақ. Алайда асыл тұқым деген атауы бар шаруашылықтар үшін әлі де шешілмеген мәселелер бар.

Аңсар МҰСАХАНОВ, Алматы облысының әкімі:

- Жолдың қашықтығы, «асыл тұқым» деген куәлікті алу кезегін күту, құжаттарды рәсімдеуге кететін уақыт шығыны мен мемлекет тарапынан қарастырылған субсидияны дер кезінде алуға кедергі келтіруде.

Өткен жылы ірі қара малына «асыл тұқым» деген мәртебе беретін республикалық арнайы палата құрылды. Ол әрбір ірі қара мал басын құжаттандырумен айналысады.

Құралбай БАЙДӘЛИЕВ, ОҚО аумақтық инспекциясының бөлім бастығы:

- «Яс» деген ақпараттық-сараптамалық жүйеге ендіреді. Соған енген мал барлығы асыл тұқымды болып есептеледі.

Былтырдан бері субсидия төлеу жүйесі өзгерді. Бұған дейін шаруаларға квота бөлініп, сол бойынша қаражат берілетін. Енді ет пен сүтке берілетін субсидия мөлшері өсіп, жыл 12 айдың кез-келген уақытында беріледі. 


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!