Айырмен қасқыр соғып алған

Фотография - Айырмен қасқыр соғып алған

Ауыл маңын бірнеше күннен бері торуылдап жүрген азулы жыртқышты ол айырмен шаншып өлтірген

165 0

Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылының тұрғыны Ізімғали Жүсіпов ойда жоқта қасқыр соқты. Ауыл маңын бірнеше күннен бері торуылдап жүрген азулы жыртқышты ол айырмен шаншып өлтірген.

Дәл осы қасқыр бір күн бұрын аталған ауылға «қонақ» болып кеткенін айтады тұрғындар.  Бір күн бұрын иттердің түн тыныштығын бұзып, шабалана үргенін естіп далаға шыққан І.Жүсіпов ауыл ортасында қасқырдың жүргенін көреді. Алайда, мылтық оғының жазатайым ауыл адамдарына тиіп кетуінен сақтанған тұрғындар қасқырға оқ атпаған. Сөйтіп, қасқыр ізін суытып үлгерген.

Келесі күні азанда ашыққан қасқыр қайта жорыққа шыққан көрінеді.  Оны тағы да мал айдап жүрген Ізімғали Жүсіпов байқап қалады. Көзі қанталаған қасқыр оның алдындағы қой-ешкіге келіп киліге кетеді.

«Абырой болып, жақын жерде айыр жатты. Соны қолыма алып, қасқырды шаншуға тырыстым. Алайда, айырымның ұшы сынып қалды. Лезде екінші айырды қолыма алып, сілтеп үлгердім, дөп тиді», -деп баяндады І. Жүсіпов.

Ауыл тұрғындарының айтуына қарағанда, бұл қасқырды біраз күн бұрын Базартөбе ауылдық округының Қызылжар ауылын да торуылдаған көрінеді. Қасқырдың өлексесі аудан зертханасына жіберілді.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!