ШҚО-да жолдар жабылды

Фотография - ШҚО-да жолдар жабылды

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

262 0

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы боранға байланысты жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, бүгін 14.30-дан бастап «Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары» автожолының 6-164 шақырымындағы «Ушанова-Зырян» аралығында, сондай-ақ «Алматы-Өскемен» жолының 977-1075 шақырымындағы «Қалбатау-Қ.Қайсенов а.» аралығында жол жабылды.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі)  арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді. Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!