Қария өзін сабаған жігітті кешірді

Фотография - Қария өзін сабаған жігітті кешірді

32 жастағы Бақытжан Бопатаевқа қатысты іс жабылды.

209 0

Алматы көшелерінде бұзақылығы үшін жауапқа тартылған қала тұрғыны, 32 жастағы Бақытжан Бопатаевқа қатысты іс жабылды.

Оның айтуынша, жәбір көрген зейнеткер Гүлханым Асратова сотқа өзін соққыға жыққан Бопатаевты кешіретіні туралы өтініш жазып, іс сонымен жабылған.

Қаңтар айында интернетте көлік ішінде отырған қарт кісіні және оған араша түсуге ұмтылған әйел адамды ұрып жатқан жас жігіт туралы видео тараған еді. Қаңтардың 10-ы күнгі оқиға қасынан өтіп бара жатқан көліктің видео-регистраторына түсіп қалған. YouTube желісінде жарияланған видео-жазба қызу пікірталас пен қоғамдық айыптауға түрткі болды.

Ақпанның 8-і күні Алмалы аудандық сотында Бақытжан Бопатаевтың ісі қаралуы тиіс еді. Алайда жәбірленушілер сотқа келмей қалып, процесс кейінге шегерілген еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!