Жол полициясы жүкті әйелдерді қауіпсіздік белбеуін тағуға үгіттеуде

Фотография - Жол полициясы жүкті әйелдерді қауіпсіздік белбеуін тағуға үгіттеуде

Қазақстанның жол полициясы қызметкерлері жүкті әйелдерді автокөлікте қауіпсіздік белбеуін тағынуға үгіттеуде. Жол сақшыларының пікірінше, аяғы ауыр әйелдердің белбеуге салақ қарауы әлі дүниеге келмеген шарананың өміріне үлкен қауіп төндіреді екен

293 0

Қазақстанның жол полициясы қызметкерлері жүкті әйелдерді автокөлікте қауіпсіздік белбеуін тағынуға үгіттеуде. Жол сақшыларының пікірінше, аяғы ауыр әйелдердің белбеуге салақ қарауы әлі дүниеге келмеген шарананың өміріне үлкен қауіп төндіреді екен.

Жол полициясы комитеті белбеуді үнемі тағынып жүруге шақырады. «Тіпті қауіпті сәттер болмаған күннің өзінде, жолда басқа да оқыс оқиғалар кездесуі мүмкін. Тежегіштің оқыс басылуының өзі жүкті әйел өміріне үлкен қауіп туғызады», дейді жол полициясы комитетінің баспасөз қызметі.

Полицейлер сонымен қатар жүкті келіншектердің белбеуді қалай тағынғаны дұрыс екенін де түсіндіре кетті. «Белбеуді тағынғанда оның төменгі бөлігі іштің төменгі жағынан, жоғарғы бөлігі сол сол жақ иықты баса кеуденің ортасынан тартылуы керек. Сонымен қатар белбеудің жоғарғы тармағы кеудеден төмен, төменгі тармағы іштен жоғары тартылса да болады. Бірақ белбеу тым қатты немес тым бос тартылмағаны дұрыс», дейді жол сақшылары.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!