Шымкентте 15 автомектеп таратып отырған куәлік жалған болып шықты

Фотография - Шымкентте 15 автомектеп таратып отырған куәлік жалған болып шықты

Шымкент қаласында облыстық Жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары басқармасы жүргізген тексеріс нәтижесінде 15 автомектептің  жалған куәлік табыстайтыны анықталды

249 0

Шымкент қаласында облыстық Жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары басқармасы жүргізген тексеріс нәтижесінде 15 автомектептің  жалған куәлік табыстайтыны анықталды.  Бұл туралы «Время» газеті жазып отыр.

«Біз 21 автомектепте тексеріс жүргізген едік. Нәтижесінде 15 автомектептің жұмысы тоқтатылды. Кейбірінде оқу көлік құралдары мен оқытушылардың  жоқтығы анықталғанда, білім беру сапасы жайында сөз қозғау орынсыз болар», - дейді басқарма басшысы Әбілсейіт  Рабаев.

Сондай-ақ, Рабаев қаладағы автокөліктердің жұмысын бақылау жол полициясы басқармасының қызметкерлеріне  жүктелгенімен,  жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдары басқармасының мамандары  жүргізген тексеріс нәтижесінде ғана құқықбұзушылықтардың анықталғанын тілге тиек етті.

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 1866 жол-көлік оқиғасы тіркеліп,  534 адам қаза тапқан. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!