Оңтүстікте миллиардтар желге ұшып жатыр

Фотография - Оңтүстікте миллиардтар желге ұшып жатыр

Елбасы оңтүстікке іссапармен келсе, қуанып қалатынымыз бар

153 0

Елбасы оңтүстікке іссапармен келсе, қуанып қалатынымыз бар. Өйткені, Нұрсұлтан Әбішұлының келуіне орай бір немесе бірнеше өндіріс орындарының, мектеп, балабақшаның тұсауы кесіледі. Бұл бірнеше отбасы үшін оңтайлы жұмыс орны, тұрақты табыс көзі. Алайда, соңғы жылдары Елбасы келгенде салтанатты түрде ашылып, кеткеннен соң «көңілсіз күйде» құрдымға кететін кәсіпорындар қатары көбейіп барады.

Осының салдарынан қаншама қазына қаражатының желге ұшып, құмға сіңіп жатқанын бағамдау асқан ақылдылықты қажет етпейді. Бір таң­ғаларлығы, осы келеңсіз көрініске тікелей қатысы бар деп көпшіліктің көзінше жауапқа тартылған ешкімді көрмедік. Сонда кім кімді алдап жүр, кім кімнен алданды?

Кешегі аптада «Үдемелі индус­триалды-инновациялық даму» бағдар­ламасы аясында былтыр атқарылған жұмыстар бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының есебін тың­даған «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы саяси бюросының мүшелері осы мәселені төтесінен қойды. Алдымен осы мәжілісте мәлім болған деректерге қысқаша тоқталып өтелік. 

Жарнамасы жер жарған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында салынған бірнеше кәсіпорын бүгінде қаңырап бос тұр. 2010 жылдың қазан айында іске қосылған «Окси Текстиль» мақтадан жіп иіретін фабри­каны қаржыландыруға   5,5 миллиард теңге жұмсалған. Жылына 6 мың тонна жіп иіретін фабрикада 260 адам жұмыс істеуі тиіс болатын. Сол жылы-ақ «Ең үздік кәсіпорын» номинациясында «Алтын сапа» сый­лығын алып та үлгерді.  Бірақ, бірнеше айдан кейін кәсіпорын тоқтап қалды. Айтылған желеу – шикізаттың жоқтығы. Күні кеше тұсауын кескен кәсіпорын ғимаратының қазіргі таңда тозығы жете бастады. Президенттің өзі лентасын қиған «Азия Керамик» зауыты төңірегіндегі дау-дамайдың туындағанына аз уақыт болған жоқ. Жиын барысында Түркиядан келген инвесторлардың Қазақстан Даму банкінен 35 миллион долларға жуық несие алып, артынша ізім-қайым жоқ болғаны айтылды. Дәл осы зауытқа қатысты облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Жанболат Мелдешов 2012 жылдың соңында немесе үстіміздегі жылдың басында ашылады деп айтқан болатын. Алайда, ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды күтіп алғанымызға бір жарым ай уақыт өтіп кетсе де алып зауыттың есігінен құлып алынбады. 

Ең қымбат  жоба – «Ютекс.кз» кәсіпорнына  миллиардтаған қаражат жұмсалыпты. Мамандардың айтуын­ша, жобаның құны 15 миллиард теңгені құрапты. Дәл қазір мұнда, тіпті, ғимарат та салынып үлгермеген. Тек қаңқасы ғана тұрғызылып, контей­нерлер орнатылған.  Ең сорақысы, оның ішінде мемлекеттің қаржысына сатып алынған  қондыр­ғының бар-жоғын анықтаудың өзі мүмкін еместігі қайран қалдырады. Себебі оған арнайы рұқсат керек екен. 

«Шымкент Кашемир» зауытының да тағдыры осыған ұқсас. Кезінде үлкен үміт артылған бұл жобаға 560 миллион теңге жұмсалды. Бүгінде мұнда 230 адам жұмыс істеп, шығар­ылған тауар алыс және жақын шетелге жөнелтілуі  тиіс болатын. Мұнда жеткізілген қондырғылар сол күйі іске қосылмаған. Осы деректерді естігенде бюро мүшелерінің шыдамы таусылды.

– Елбасын алдадыңдар, зауыт­тардың барлығы тоқтап тұр. Соған не айта аласыңдар? Бізді қойшы, бізді күніге алдайсыңдар, – деп күйінді облыстық мәслихаттың депутаты Өмірзақ Мелдеханов. 

Қойылған сауалдарға Ж.Мелдешов «менің бұл салада жұмыс істеп жат­қаныма жарты-ақ жыл болды» деп жарытымды жауап бере алмады. Есімізде, Ж.Мелдешовтен өткен жылдың қазан айында осы зауытқа қатысты сұрау салғанымызда «жұмыс­қа жақында келгенмін» деп жауап берген болатын. Сол кездің өзінде оның бұл басқармада басшылық қызметті атқарып келе жатқанына жарты жыл толып үлгерген еді. Одан бері де қаншама уақыт өтті. Жиында сұрақтың астына алған «нұротан­дықтардың» алдында Ж.Мел­дешов бірде «58 жобаның 56-сы жүзеге асып, екеуі ғана тоқтап тұр» десе, енді бірде, кәсіпорындардың тоқырап тұрғанын мойындап, шатаса бастады.  «Бұйыртса, «Ютекс.кз» келесі жылы ашылады» деп те соқты. Бұған бюро мүшелерінің ешқайсысы сене қоймаған секілді көрінді. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы партиялық ба­қылау комиссиясының төрағасы  Шәріпбек Жамалбек болса: «Мен бұл жобаны әу бастан-ақ білемін. Оның ашылу мерзімін қайта-қайта өзгерте бердіңдер», – деп қынжылыс білдірді. 

  

Президент Нұрсұлтан Әбішұлының «желге ұшқан әрбір тиын үшін бас­тарыңмен жауап бересіңдер» дегенді қадап айтқанына көп уақыт бола қоймады. Ал, оңтүстікте миллиардтар төңірегіндегі дау ушығып тұр.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!