Қазақстанда ең төменгі зейнетақы көлемі 50 мың теңгеге көтерілуі мүмкін

Фотография - Қазақстанда ең төменгі зейнетақы көлемі 50 мың теңгеге көтерілуі мүмкін

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азамат Әбілдаев зейнетақының төменгі мөлшерін орташа жалақымен теңестіру қажет екендігін айтты

182 0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азамат Әбілдаев зейнетақының төменгі мөлшерін орташа жалақымен теңестіру қажет екендігін айтты.

Жаңа жылдан кейін жағымды жаңалықтардың бірі осы зейнетақы мөлшерінің 30%-ға көбейюі болатын.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі таңда ең төменгі зейнетақы көлемі – 28396 теңге. Осы қаржыға күнелтіп отырған зейнеткер саны – 43 204. Депутат А.Әбілдаев "ең төменгі зейнетақы 50 000 теңге болуы қажет" дейді.

Азамат ӘБІЛДАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Егер ең төменгі зейнетақы көлемін 50 мың теңгеге көтерсек, онда ҚР Үкіметі бюджетінен жылына 74 млн АҚШ доллары шамасында ғана қаржы жұмсалады екен. Мұндай қаржы экономикасы серпінді дамитын елге ауыр жүк деп ойламаймыз.

Халық қалаулылары бұқараның көкейкесті мәселесін көтеріп қана қоймай, елдің дамуына пайдасы тиеді деген заң жобаларын да мақұлдады. Осылайша бүгінгі жалпы отырыста "Мемлекеттік жекеменшік әріптестіктің жаңа нысандарын енгізу және қолдану туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!