115 ақтөбелік студент қылмыспен күресте қоғамдық көмекші болады

Фотография - 115 ақтөбелік студент қылмыспен күресте қоғамдық көмекші болады

Студенттік жасақтың мүшелерін арнайы үлгідегі киіммен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде

164 0

Бүгін Ақтөбе қаласының ІІБ-де ішкі істер органдарына көмектесу бойынша қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізу үшін өз еріктерімен өтініш берген студенттермен кезекті кездесу өтті. Студенттермен кездесуде оларға қоғамдық көмекшілердің куәліктері берілді.

«Үш жоғары оқу орнының және 10 колледждің 115 студенті тәртіпті сақтауда полиция қызметкерлеріне көмек көрсетеді. Қоғамдық құрылымдардың жүйесін кеңейту, оның ішінде студенттік жасақтардың полицияға көмек қолын созу бойынша жұмыс жалғасатын болады», - деді ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Қаныбек Жақсығалиев.

«Қоғамдық тәртіпті сақтауға студенттерді тарту студенттік жастардың арасында да құқық бұзушылықтың алдын алуға оң нәтиже беретін болады. Бұл - құқықтық және патриоттық тәрбие берудің айқын дәлелі. Студенттік жасақтардың мүшелері полиция қызметкерлерімен бірлесіп оқу мекемелерінде, жатақханаларда және оған жататын аумақтарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысады», - деді Қ. Жақсығалиев.

Студенттік жасақтың мүшелерін арнайы үлгідегі киіммен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!