Мал ұрлаушылардың әрекетін әшкерелейтін плакаттар пайда болады

Фотография - Мал ұрлаушылардың әрекетін әшкерелейтін плакаттар пайда болады

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Қайрат Тарбаев мәлімдеп отыр

294 0

Атырау облысында мал ұрлаушылардың әрекетін әшкерелейтін плакаттар пайда болады. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Қайрат Тарбаев мәлімдеп отыр.

Аудан аймағына жасаған іс-сапары кезінде облыс әкімі Бақтықожа Ізмұханбетов ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, жиылыс барысында Ішкі істер департаментіне «масқаралайтын» плакаттар жасауды ұсынған болатын. Сондай-ақ, аймақ басшысы бұл бастаманың соңғы кездері жиі белең алып жүрген мал ұрлау әрекетіне қарсы күресте профилактикалық әсер ететінін көлденең тартқан еді.

«Жұмыс бабымен барған аудандардың тұрғындарына мал ұрлаушылықтың салдары жайлы баяндап, бұл қылмыстық әрекетке ерекше санкциялар мен жазаның қатаң түрі қолданылатынын ескертіп жүремін. Мәселен, бүгінгі күні Мақат ауданының өзінде мал ұрлау фактісі үш есеге көбейіп отыр. Бұл жағдай алаңдатпай қоймас. Осы тұрғыда, мәселенің шешімі ретінде, мал ұрлаушылардың өмірбаяны мен суретін жариялайтын арнайы плакат жасау қажет деп ойлаймын. Сол себепті, бұл тапсырманы орындауды облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің мойнына жүктеп отырмын. Аталмыш плакаттар қала көшелеріне ілініп, жұрт назарына ұсынылатын болады» деген болатын ауыл тұрғындарымен болған кездесу барысында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұханбетов.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!