Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Фотография - Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің генерал-майор Әлібек Серәлиев қолбасшылық ететін Алматы құрамасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне арналған салтанатты жиын өтті

159 0

ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің генерал-майор Әлібек Серәлиев қолбасшылық ететін Алматы құрамасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Ауған ардагерлерін құрама командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Нұрбай Бектұрсынов құттықтады.

- Бұл соғыс бүгінде биік мінберлерден қандай баға иеленсе де біз өз жерлестеріміздің жанкешті ерліктерін, Отан алдындағы міндеттеріне адалдығын ешқашан ұмытпаймыз. Ауған қасіреті мен онда қаза тапқандар есімі біздің жадымызда мәңгі сақталады, - деді ол өз сөзінде.

Салтанатты шарада интернационалист ардагерлерге құрама командирінің грамоталары мен сыйлықтары табыс етілді. Құрама жеке құрамы соғыс тақырыбында концертік бюағдарлама ұсынып, қоян-қолтық ұрыстан қойылым қойды.

Ауған соғысына барлығы 620 мың Кеңес азаматтары қатысса, олардың 525 мыңы Кеңес Армиясының қатарында, 90 мыңы шекара әскерлерінде, 5 мыңдайы Ішкі әскер мен милиция қатарында қызмет атқарды. 22 мың қазақстандық интернационалистің 924-і жат жерде қаза тапса, 1000-нан астамы мүгедек болып оралды, 21-і хабар-ошарсыз жоғалды.


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!