Астаналық нотариустар жылжымайтын мүлікті электронды тіркеу жүйесіне көшті

Фотография - Астаналық нотариустар жылжымайтын мүлікті электронды тіркеу жүйесіне көшті

Семинарды Астана қаласының  Әділет департаменті мен қалалық Нотариаттық палатасы ұйымдастырды.

276 0

Елордада қала нотариустары үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды түрде тіркеуге өтініш беруді талқылауға арналған оқыту семинар-мәжілісі өткізілді.

Семинарды Астана қаласының  Әділет департаменті мен қалалық Нотариаттық палатасы ұйымдастырды.

Әділет департаментінің мәліметі бойынша, бұл жаңалық 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. Электронды тіркеу  арқылы жылжымайтын мүлікті тіркеу уақытын 1 күнге дейін қысқартуға болады.

Еске салайық, жылжымайтын мүлікті электронды тіркеу - мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік тіркеу.

Іс-шара соңында, нотариаттық әрекетке байланысты қолданыста жүрген заңнамаларға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер талқыланып, нотариустардың барлық сұрақтарына қанағаттандырлық жауап берілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!