Алматы аспанында ҚР Әскери-әуе күштерінің ұшақтары қалықтауда

Фотография - Алматы аспанында ҚР Әскери-әуе күштерінің ұшақтары қалықтауда

Бүгін Алматы аспанында бұл ұшақтар жоспарлы оқу-жаттығу ұшуларды жасауды бастады. 

187 0

Өткен қаңтар айында Қазақстанның Әскери-әуе күштеріне қабылданған еуропалық «Airbus» авиациялық концернінің С-295 ұшақтары  жауынгерлік дайындықтан өтуді бастады.

Бүгін Алматы аспанында бұл ұшақтар жоспарлы оқу-жаттығу ұшуларды жасауды бастады.  

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, әуе кемелерінің тізгінінде Рүстем Тілеумағамбетов, Дмитрий Гроц, Асхат Халитов және Бағлан Бейсебаев сынды Испанияда болып, арнайы ұшу дайындығынан өткен қазақстандық әскери ұшқыштар отыр.

«Қазір қазақстандық әскери ұшқыштарға испандық әріптестері нұсқаушылық жасауда. Бір жарым айдан соң шетелдік мамандар елдеріне оралады. Сол кезден бастап қазақстандық әскери ұшқыштар ұшақтарды өздері дербес игеретін болады.  С-295 ұшақтары Қазақстанның қатал ауа райын ескере отырып, арнайы жасалған», - делінген таратылған хабарламада.

Аталған ұшақтар Қазақстанға ағымдағы жылдың 17 қаңтарында жеткізілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!