Петропавлда безбүйрек ана екі баласын аязда тастап кетті

Фотография - Петропавлда безбүйрек ана екі баласын аязда тастап кетті

Петропавлда безбүйрек ана екі бірдей баласын көршісінің есік алдына тастап, өзі қашып кеткен.

109 0

Петропавлда безбүйрек ана екі бірдей баласын көршісінің есік алдына тастап, өзі қашып кеткен.

Абырой болғанда қыстың суығында қалған балалар дін-аман. Екеуі де қазір облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. Тәртіп сақшылары болса, балаларынан бас тартқан көкек ананы екі аптадан бері іздеп таба алмай жүр.

Тірідей жетім атанып, көздері жәутеңдеген екі бүлдіршіннің бірі қазір жасөспірімдерді оңалту орталығына орналастырылды. Ондағылар екінші баланың жасы 3-ке толмайынша қабылдай алмаймыз деген. Сондықтан 2 жасар Вова 2 аптадан бері облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Дәрігерлер жақын күндері анасы табылмаса сәбиді балалар үйіне тапсырамыз деп отыр. Заң бойынша еш жері ауырмайтын баланы ауруханада ұстауға рұқсат жоқ. Бұдан әрі оны бағып-қағуға шамамыз жетпейді дейді.

Бала екі аптадан бірі жіті тексеруімізде болды. Қазір жағдайы жақсы. Егер жақын күндері анасы табылмаса балалар үйіне тапсырылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!