Алматыда кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 24 жылдығын атап өтуде (фото)

Фотография - Алматыда кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 24 жылдығын атап өтуде (фото)

Осыдан 24 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Женева келісіміне сәйкес Ауғаныстаннан кеңес әскерінің соңғы бөлімшелері шығарылды.

193 0

Осыдан 24 жыл бұрын 1989 жылдың 15 ақпанында Женева келісіміне сәйкес Ауғаныстаннан кеңес әскерінің соңғы бөлімшелері шығарылды. 10 жылға созылған соғыс аяқталды.

Бұл күні дәстүр бойынша жауынгер интернационалисттер жиналып, қаза болғандардың басына гүл шоқтарын қойып, сонау Ауған жерінен қайта алмай қалған жолдастарын еске алады.

Алматыда мұндай кездесулер 28 панфиловшылар паркінде өтеді. 1 минут үнсіздіктен кейін, мәңгі алауға гүл шоқтары қойылады.

Кеңес Үкіметі тарапынан әскери көмек көрсету және Ауғаныста жеріне кеңес әскерін кіргізу туралы шешім Политбюроның 1979 жылдың 12 желтоқсанында қабылданған болатын. Ал сол жылдың 25 желтоқсанында генерал-лейтенант Юрий Трухачевтың басшылығымен 40-шы әскери құрамы кіргізілді.

1989 жылдың 17 тамызында «Правда» газетінде жарияланған мәліметтер бойынша Ауғаныстанда қаза болған әскер саны 13 833 адам. Алайда ол соғыста жанын берген сарбаздардың саны 15 031 адам деген өзге де мәліметтер бар. Сонымен қоса 54 мыңнан аса жараланған, контузия алғандар болған.

Ауғаныстанда әскери борышын өтегендер  түрлі республикалардан болатын, соның ішінде 22 мыңы қазақстандық. Олардың 924-і қаза болған, 21-і хабарсыз кеткендер санатында.

Ауғаныстаннан кеңес әскерін шығару 1988 жылдың 15-ші мамырында басталды. Кеңес үкіметі әскери контенгентін 9 айда шығарып алуға міндеттелді.

Ресми мәлімет бойынша 1989 жылдың 15 ақпанында Достық Көпірімен шегараны кесіп өткен соңғы кеңес сарбазы генерал-лейтенант Борис Громов болды.


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!