Д.Қонаев атындағы мешіттің құрылысына қаржы жиналады

Фотография - Д.Қонаев атындағы мешіттің құрылысына қаржы жиналады

Д.А.Қонаев атындағы «Сауап» қоғамдық-қайырымдылық қоры көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына орай халқымыздың біртуар азаматының рухына бағыштап мешіт соғу туралы бастама көтерген болатын. Мешіт құрылысын жүргізуге арналған есеп-шот та ашылған еді

249 0

Д.А.Қонаев атындағы «Сауап» қоғамдық-қайырымдылық қоры көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына орай халқымыздың біртуар азаматының рухына бағыштап мешіт соғу туралы бастама көтерген болатын. Мешіт құрылысын жүргізуге арналған есеп-шот та ашылған еді.

«Қазақстанды дамытуға қомақты үлес қосқан ұлы тұлғаға арналған мешіт  құрылысына Алматы қаласынан және еліміздің кейбір өңірлерінен қаржылай көмек көрсеткен азаматтар аз болған жоқ. Сәуір айынан бастап мешіт құрылысы қолға алынады. Кезінде ниеттеніп, бірақ үлгере алмай қалған кәсіпкерлер немесе жекелеген азаматтар болса, әлі де мүмкіндіктері бар екенін еске саламыз», - дей келе Д.А.Қонаев атындағы «Сауап» қоғамдық-қайырымдылық қоры есеп-шоттарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қайта таратып отыр.

Қоғамдық-қайырымдылық қормен 3979064, 2710102 телефон нөмірлері бойынша байланысуға болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!