Астана тұрғыны әйелін өзі босандырған

Фотография - Астана тұрғыны әйелін өзі босандырған

Елорда тұрғыны әйелінің толғағы басталған соң, таңғы 7-де жедел-жәрдем шақырған. Алайда, жедел-медициналық көмек бір сағатқа кешігіп келген соң, күйеуі жарын өзі босандырған.

209 0

Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова баяндамасын тәмамдап, депутаттар сауалдарын жолдап біткен соң, бірқатар халық қалаулылары Қазақстан медицинасының төңірегіндегі мәселелерді талқылады.

«Адам баласына оның денсаулығынан артық ештеңе жоқ. «Бірінші байлық денсаулық» деген халқымыз. Бүгінгі Үкімет сағатында көтерілген мәселенің маңызы зор. Өздеріңіз білесіздер, егер мұқтаж жағдайда жедел медициналық көмек көрсетілмесе, адамның өміріне қауіп төнеді. Осыған орай, жуырда Астанамызда болған екі оқиғаны айта кетейін. Ақпан айының алтысы күні елорда тұрғыны әйелінің толғатуына байланысты таңғы 7-де жедел жәрдем шақырған. Алайда олар 1 сағатқа кешігіп келген. Бұл екі арада күйеуі жарын өзі босандырып алуға мәжбүр болған. Келген дәрігер шақырту қандай екенін біле тұра, акушерсіз жетіп келген әрі тәжірибесіз болып шыққан. Ана мен балаға тиісті көмек көрсетудің орнына қағаз толтырумен әлек болып, жаңа туған баланың аты-жөнін айтуды талап еткен», - деді депутат.

Оның айтуынша, тағы бір елорда тұрғыны ауыр жағдайына қарамастан, жедел-жәрдемді бір емес, екі емес, төрт сағат күткен.

«Ал осы айдың 11 күні Назарова деген азаматша жүрек соғуы жиілеп кеткен соң, кешкі 20.00-де жедел жәрдем шақырған. Бірақ олар түнгі он екіде бірақ келіпті. Бұл екі оқиға да бас қаламыз Астанада орын алып отырған соң, басқа аймақтардың жағдайы қандай деген ой туады», - деді депутат.

Омархан Нұртайұлы Денсаулық сақтау министріне осы фактілерді тексеріп, кінәлі адамдарды жауапқа тартады деген сенімін жеткізді. Ақпарат bnews.kz сайтынан


Тегтер:

саясат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!