ТЖМ Сырдарияның тасқынына дайындалып жатыр

Фотография - ТЖМ Сырдарияның тасқынына дайындалып жатыр

Бұл жөнінде сейсенбі күнгі Үкімет отырысында ТЖ министрі Владимир Божко мәлімдеді.

188 0

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сырдарияның тасуына сақадай сай. Бұл жөнінде сейсенбі күнгі Үкімет отырысында ТЖ министрі Владимир Божко мәлімдеді.

«Көксарай мен Шардара су қоймаларына тағы да 2,9 млрд текше метр көлемінде су сиғызатындай мүмкіндік бар. Бұл су тасқыны қауіпсіз өтеді деп айтуға толық негіз бола алады. Ал тасқын күшейген жағдайда ҚР ТЖМ-ның жоғары дайындықты құрылымдық күштері мен арнайы топтары, жалпы саны 2 444 адам, 440 бірлік техника, 67 жүзу құралдары, 3 тікұшағымыз дайын тұр» деді В. Божко.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Сырдарияда сеңнің қозғалуы бір қалыпты жүруде, Қызылордаға дейін 180 км қалған. Сондай-ақ, Қызылордадан Аралға дейінгі аралықта Оңтүстік Қазақстаннан келіп жатқан ағын судың жылуымен еріп, мұздың қалыңдығы төмендеп жатыр екен.       


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!