Елімізде су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жүргізілуде

Фотография - Елімізде су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жүргізілуде

Қардың жылдық мөлшерден көп түсуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы мен Алматының таулы аймақтарында күрделі жағдай қалыптасты.

238 0

Қардың жылдық мөлшерден көп түсуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы мен Алматының таулы аймақтарында күрделі жағдай қалыптасты.

Көктемгі су тасқынның алдын алуға арналған Үкімет отырысында бүгін еліміздің Төтенше жағдай министрі Владимир Божко осылай деп мәлімдеді.

Қардың мол жауғаны сондай, көлемі жағынан бір жарым жылдық норманы құраған. Сонымен қатар, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарында да биыл қар қалыңдап түсті. Министр айтқандай, бұл өңірлердегі қардың қоры орта мөлшерден асып кетті. Мамандар енді өзендер тасымаса деп алаңдайды. Өйткені, Алматы облысына қарасты Көксу, Лепсі, Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма, Оба, сондай-ақ, Ақмола облысының Нұра, Шағалалы өзендері қардың еруінен арнасынан асып кетуі мүмкін деген болжам бар. Көктемгі тасқынға қаңтар айынан бастап әзірленген облыс мәслихаттары тиісті іс-шараларға қажет қаржы көзін ұлғайтып отыр. Бюджеттен бөлінетін қаражат 5,5 миллиардтан 14 миллиард теңгеге дейін өсірілген. Айта кетейік, бүгінгі таңда еліміздегі кенттер мен қалалардан көлемі 6 млн текше метр болатын қар сыртқа шығарылды.


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!