Италия Қорғаныс министрі республикалық «Жас ұлан» мектебінде болды

Фотография - Италия Қорғаныс министрі республикалық «Жас ұлан» мектебінде болды

Бүгін Италия Қорғаныс министрі адмирал Джампаола Ди Паола Қазақстан Республикасына алғашқы ресми сапары шеңберінде Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде болды

203 0

Бүгін Италия Қорғаныс министрі адмирал Джампаола Ди Паола Қазақстан Республикасына алғашқы ресми сапары шеңберінде Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде болды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Жас ұлан» мектебінде 400-ден астам бала оқиды. Олардың ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері және көп балалы отбасыларының балалары білім алуда.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, сапар бағдарламасына сәйкес Қазақстан мен Италия қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесті. Кездесуде екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытудың басымдықтары талқыланды.

Келіссөзде қарастырылған тақырыптардың бірі Қазақстан мен Италияның қорғаныс саласындағы, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты нығайту болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!