Астанада 26 жерасты жолының жобасы әзірленді

Фотография - Астанада 26 жерасты жолының жобасы әзірленді

Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы астанада жаяу жүргіншілерге арналған 26 жерасты жолының жоспарын әзірледі. Жоспарға сәйкес, қазіргі кезде Қонаев және Достық көшелерінің бойынан осындай нысандарды салу жобасы әзірленіп жатыр

244 0

Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы астанада жаяу жүргіншілерге арналған 26 жерасты жолының жоспарын әзірледі. Жоспарға сәйкес, қазіргі кезде Қонаев және Достық көшелерінің бойынан осындай нысандарды салу жобасы әзірленіп жатыр, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда Астанада 5 жерасты жолы бар: Бөгенбай батыр даңғылы бойында («Шапағат» коммуналдық базар), Кенесары көшесінің бойында (Конгресс-Холл), Республика даңғылының бойында («Самал» ш.а.), Бараев көшесінің бойында («Рамстор» СҮ), Орынбор көшесінің бойында (Салтанат Сарайы), сондай-ақ 3 жерүсті жолы: Бараева көшесінде (Президент мұражайы), Орынбор көшесінің бойында (Министерліктер үйі - 1), Орынбор көшесінде (Министерліктер үйі - 2).

Естеріңізге саламыз, 2012 жылы Қонаев көшесінің бойындағы Опера және балет театры жаңа ғимаратының жанынан жерасты жолы құрылысының жобасы іске асырылған болатын. 2013 жылдың жоспарында Тұран даңғылы бойында «Хан Шатыр» СОО маңынан жерасты жолын салу жоспарланған.

Болашақта қаржы бөлінсе, жерасты жолдарын салу жалғасады, - деп хабарлайды ведомстводан. Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жүргізген талдау көрсеткеніндей, қалада жалпы саны 99 жерасты және жерүсті жолын салу қажет.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!