Батыс Қазақстанда жылқы түлігін өсіруге ерекше мән берілуде

Фотография - Батыс Қазақстанда жылқы түлігін өсіруге ерекше мән берілуде

Батыс Қазақстан облысында өнімділігі жоғары жылқы түлігін өсіруге ерекше мән берілуде

258 0

Батыс Қазақстан облысында өнімділігі жоғары жылқы түлігін өсіруге ерекше мән берілуде.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Шағуан Ибрагимовтің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде ет өндіру, әсіресе, жыл­қы етін өндіру - экономикалық жағынан тиімді де арзан әдіс. Көшім, мұғаджар тұқымдары біз­­де аудандастырылған тұ­қым­дар болып саналады. Об­лыс­­та өнімділігі жоғары жыл­қы­лар­­ды өсіруге үлкен мән берілуде.

Биылғы жыл басында өңірде 89,8 мың жылқы тіркеліп отыр, ол өткен жылғы 1 қаңтармен салыс­тырғ­анда 11,8 пайызға артық. Соған орай құлын алу 17,9 пайызға көбейді. Облыс бойынша 8 асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді, соның үшеуі зауыт мәртебесіне ие. Асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алу үшін көптеген шаруашылық жылқы малын асылдандыру жұмыстарын жүр­гізуде.

Мал шаруашылығында ірі қара малын дамытуға мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінуде. Осындай қолдау жылқы және қой шаруашылықтарына қажет.

Отарлы мал шаруашылығын қалпына келтіру, соның ішінде жайылымдық жерлерді қол­дануды кеңейте отырып, қой шаруашылығын дамыту бағы­ты бойынша облыстағы оңтүстік аудандардың мүм­кіншіліктері зор. Сондықтан қой шаруашылығын дамыту мақсатында 2012-2022 жыл­­дарға арналған тұжы­рым­да­ма жасақталды. Аталған тұжы­рымдама бойынша 2022 жылға дейін қой санын 936,0 мың басқа, соның ішінде саулықты 599,1 мың басқа жеткізу көз­делуде. Жемшөп өндіру саласын дамыту, шалғайдағы жайылымдарды қалпына келтіру, суландыру, құдықтарды, ұңғымаларды іске қосу жұ­мыстарын үйлестіру және кешенді түрде жүргізумен айналысатын жұмыс тобы құрылды. Облыс бойынша 3154 түрлі құдық болса, соның ішінде 1401-іне және 490 тоғанның 119-на жөндеу қажет екені анықталды. Шалғайдағы жайылымға 349 үй, 502 дана күн батареялары керек. Облыс көлемінде 4 млн. гектардан астам суландырылатын жайылым жері анықта­лды, соның 316 мың гектары су­ландыруды қажет етеді. Со­ған орай ҚР Ауыл шаруашылы­ғы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетіне қажетті құжаттар ұсынылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!