СҚО-да түлкінің құтыруы анықталды

Фотография - СҚО-да түлкінің құтыруы анықталды

Ақпан айының алғашқы күндерінің бірінде СҚО-ның  Тимирязев ауданына қарасты ауылдық округтің бірінде түлкінің құтыру жағдайы тіркелген

181 0

Ақпан айының алғашқы күндерінің бірінде СҚО-ның  Тимирязев ауданына қарасты ауылдық округтің бірінде түлкінің құтыру жағдайы тіркелген. Лабороториялық тексеру нәтижесі көрсеткендей, оның аталған ауруға шалдыққаны расталған, - дейді Облыстық аң және орман шаруашылығы аймақтық  инспекциясының бастығы Жүсіп Баширов. 

ҚР Үкіметінің Қаулысы негізінде Солтүстік Қазақстан облыстық аң және орман шаруашылығы аймақтық  инспекциясында жабайы аңдардың санын реттеу жөнінде арнайы комиссия құрылған болатын. Комиссия Тимирязев ауданының кейбір ауылдарында түлкі санын қысқартуға қатысты шешім қабылдаған. Соның нәтижесінде, құтыруға шалдыққан түлкі анықталып отыр.

Түлкіні ату жоғарыда аталған комиссия мүшелерінің бақылауымен Тирирязев ауданындағы аң шаруашылығы қызметкерлерінің қатысуымен іске асырылған. Ал атылған аңдардың терісін ветеринарлық сараптамадан өткізіп, содан кейін барып талапқа сай, тиісті әдістермен пайдаға жаратып отырған.

«Тек, жабайы аңдардың аурудан ада екендігі айғақталған жағдайда ғана пайдаға жаратылатынын атап өтті» - дейді Жүсіп Баширов.    


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!