Жылдың аяғына қарай Астанада апаттық үйлерден тұрғындарды көшіру басталады

Фотография - Жылдың аяғына қарай Астанада апаттық үйлерден тұрғындарды көшіру басталады

Биылғы жылдың аяғына қарай Астанада ескі және апаттық үйлерден тұрғындарды көшіру басталады. Бұл туралы бүгін елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов халықпен есепті кездесуі барасында айтты.

182 0

Биылғы жылдың аяғына қарай Астанада ескі және апаттық үйлерден тұрғындарды көшіру басталады. Бұл туралы бүгін елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов халықпен есепті кездесуі барасында айтты.

Белгілі болғандай, бүгінде Астанада 228 апаттық тұрғын үйлер бар екен және онда 3500-ге жуық отбасы тұрады.

«Маңызды жобалардың бірі - ол ескі және апаттық тұрғын үйлерді сүріп тастау бойынша қалалық жаңа бағдарлама болып табылады. Алғашқы нысандардың құрылысы басталды. Жылдың аяғына қарай бірінші кезеңде бұзылатын апатты үйлердің тұрғындарын көшіру басталады», - деді әкім.

Сонымен қатар И. Тасмағамбетов апаттық үйлерден көшірілген тұрғындарға бұзылған үйдегі шарты метрге тең көлемде жаңа пәтер берілетінін, яғни пәтерде қанша адам тұрып жатқаны ескерілмейтінін атап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!