Өткен жылы Астанада 1000-нан астам рұқсат етілмеген сыртқы жарнама алынып тасталды

Фотография - Өткен жылы Астанада 1000-нан астам рұқсат етілмеген сыртқы жарнама алынып тасталды

ЭКСПО 2017 Халықаралық көрмесіне дайындық елордадағы кәсіпкерлікті дамытуға  үлкен серпін бермек.

459 0

ЭКСПО 2017 Халықаралық көрмесіне дайындық елордадағы кәсіпкерлікті дамытуға  үлкен серпін бермек. Алайда, қала кәсіпкерлерінің жауапкершілігінде бас қаланың сыртқы көркем келбеті мен әлемдік дәрежедегі имиджін таныту да жатыр. Осыған байланысты Астанада түрлі түсті гаммалар мен ғимараттардың сәулет үлгісін ескере отырып, шағын және орта бизнес субъектілерінің сыртқы жарнамаларды безендіруде бірыңғай дизайнды сақтауына бақылау жүргізілуде.  

Аудан әкімдіктері  Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірігіп қала көшелеріндегі рұқсат етілмеген  жарнамаларды анықтау іс-шараларын өткізіп, түсінік жұмыстарын жүргізуде.

2012 жылы Алматы ауданының  985 кәсіпкеріне хабарлама қағаздар тапсырылып, ескертулер жасалды.  Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен, 630 сыртқы жарнама құрылымы бұзылып алынды. Ал Есіл ауданында 220 сыртқы жарнама бұзылды, - деп хабарлайды аудан әкімдіктерінен.

Көбіне мұндай заң бұзушылықтар кәсіпкерлердің кінәсінен болмайды. Мәселен, Сарыарқа ауданының аумағынды 28 сауда үйі мен супермаркет орналасқан. Олардың көбі жалға берілген. Мұндай ғимараттың иелері жарнама үшін арнайы орын қарастырмағандықтан, көрнекті ақпараттар мен жарнамалар есіктерде, сөрелерде, немесе қолдан жасалған құрылымдарда ілініп, көшенің сәнін кетіреді.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!