Шымкентте дәрігер-хирург өз-өзіне қол жұмсаған

Фотография - Шымкентте дәрігер-хирург өз-өзіне қол жұмсаған

Бұл туралы ОҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел құтқарушы тобы хабарлап отыр. 

1545 0

Оқиға кеше күндіз Иляев көшесінде болған. Дәрігер-хирург (Ташкентте туылған) өз қолының тамырын өзі кескен. Бұл туралы ОҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел құтқарушы тобы хабарлап отыр. 

Ол өзіне қол жұмсамас бұрын таныстарына хабарласып, осындай әрекетке баратынын айтқан. Мұндай оқиға бұрын-соңды орын алғандықтан, таныстары дереу Жедел жәрдем шақыртады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері де барған. Дәрігер жалдамалы пәтерде тұрады екен. Есік ішінен ілінгендіктен, бұзып кіруге тура келді. Дәрігер тамырын кесіп, ваннасы бар бөлмеде жатыр екен. Қуаныштысы, тірі болып шыққан.

Психолог Клара Үсенованың айтуынша, 53 жастағы дәрігер ұзақ уақыттан бері торығып жүрген. Соңғы кездері жалғыз тұрған екен. Өз-өзіне қол жұмсау әрекеті орын алғандықтан пәтер иесі үйді босатуын сұраған.


Тегтер:

қол жұмсады

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!