ШҚО-да астық, күнбағыс, картоп және көкөністер өндірісі арта түсті

Фотография - ШҚО-да астық, күнбағыс, картоп және көкөністер өндірісі арта түсті

Өткен 2012 жылы Шығыс Қазақстанның агроөнеркәсіп секторына қаржыландырудың барлық көздерінен 23,2 млрд. теңге (0,9 пайыздық өсіммен) тартылды

363 0

Өткен 2012 жылы Шығыс Қазақстанның агроөнеркәсіп секторына қаржыландырудың барлық көздерінен 23,2 млрд. теңге (0,9 пайыздық өсіммен) тартылды.

Бұл соманың ішіндегі субсидиялар көлемі 8,2 млрд. теңгені құрады. Облыс шаруашылықтарындағы машина-трактор паркі ішінара жаңартылды, 5,7 тонна субсидияланған минералды тыңайтқыштар сатып алынып, топыраққа сіңірілді және т.б.

Бұл ауыл шаруашылығы егістік алқаптарын 3,4 пайызға ұлғайтуға және суармалы жерлердің аумағын 5 мың гектарға кеңейтуге, жаңбырлатып суару ауданын 2,4 мың гектарға арттыруға мүмкіндік берді. Тамшылатып суару аумағы екі еседен көп өсіп, шамамен 700 гектарды құрайды. Ылғал сақтайтын технологияны қолданудың арқасында жерді өңдеу 20 пайызға өсті.

Жалпы алғанда аймақта өткен жылы астық өндірісі 7,4 пайызға, күнбағыс - 25,5 пайызға, картоп - 5,1 пайызға, көкөніс өндіру - 8,5 пайызға өсті.

Биылғы жылы егістік алқаптары тағы 5 пайызға ұдғайтылады


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!