Құтқарушылар 127 адам мен 80 көлікті қар құрсауынан шығарды

Фотография - Құтқарушылар 127 адам мен 80 көлікті қар құрсауынан шығарды

Құтқарушылар 127 адам мен 80 көлікті қар құрсауынан шығарды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

191 0

Құтқарушылар 127 адам мен 80 көлікті қар құрсауынан шығарды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Сенбі, 23 ақпанда Ақмола облысы Шортанды ауданында Бектау ауылының маңындағы «Жолымбет-Пригородное» жолында 103 адам мен 73 техника қар құрсауында қалып қойды. Облыстық өрт сөндіру қызметінің күшімен  (4 адам және 1 техника) көліктер  жолдың тазартылған учаскелеріне шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ  Бестөбе кенті маңындағы «Бестөбе-Заводской» жолында  қарға малтыққан, ішінде 4 жолаушысы бар бір жеңіл машина шығарылды.  

Алматы облысы Райымбек ауданында «Кеген-Түменбай» жолының 7-ші  шақырымында  қар құрсауында қалған 3 адам мен 1 жеңіл машина облыстық өрт сөндіру  қызметінің күшімен (3 адам және техника)  жолдың тазартылған бөлігіне шығарылды. Еібекшіқазақ ауданында «Алматы-Көкпек-Көктал»  күре жолында қарға малтыққан 1 жеңіл машина мен 3 адам облыстық өрт сөндіру  қызметінің күшімен (3 адам және техника)  жолдың тазартылған бөлігіне шығарылды.

Павлодар облысында бүгін түнде 12 адам мен 3 техника қар құрсауынан құтқарылды. Ал осы аймақтағы Иртышск  кентінде 24 ақпанға қараған түні облыстық өрт сөндіру  қызметінің күшімен (3 адам және техника)    қарға малтыққан  жеңіл машина мен 2 адам  шығарылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!