Жамбыл облысы радиоактивті қалдықтарды анықтауға кірісті

Фотография - Жамбыл облысы радиоактивті қалдықтарды анықтауға кірісті

Ағымдағы жылы Жамбыл облысында радиактивті қалдықтар қорын анықтау жұмыстары жүргізіледі.

274 0

Ағымдағы жылы Жамбыл облысында радиактивті қалдықтар қорын анықтау жұмыстары жүргізіледі.

Бұл туралы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың осы аймаққа жасаған жұмыс сапары барысында мәлім болды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінгі таңда облыс бойынша 144 радиоактивті  ошақ бар. Онда уран, радий және радонның қалдықтары анықталып отыр. Әсіресе, Мойынқұм ауданындағы Құлан кен орнын жан-жақты зерттеу керек. Себебі ол жерде радиоактивті элементтер көптеп кездеседі.

Жалпы, өткен жылы Жамбыл облысының әкімдігі табиғатты қорғау шараларына 1,02 млрд. теңге бөлген еді. Ал 2011 жылы бюджеттен бөлінген қаражат 894,2 млн. теңгені құраған. Осы жылы Шығанақ стансасында радиоактивті қалдықтар анықталған болатын. Оны жою мақсатында қосымша  21,8 млн. теңге бөлінді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!