Сарыағашта 5 жасар бала ғайыптан сүндеттеліп қалды

Фотография - Сарыағашта 5 жасар бала ғайыптан сүндеттеліп қалды

Таяуда Сарыағаш ауданының Тегісшіл ауылында таңғажайып оқиға орын алды.

349 0

Таяуда Сарыағаш ауданының Тегісшіл ауылында таңғажайып оқиға орын алды.

Осы ауылда тұратын Азамат Сапарбай атты кішкентай сәби ғайыптан сүндеттеліп қалды. Анасы Үрзияның айтуынша, ел-жұртты таңғалдырған бұл ерекше оқиға 2 ақпан күні түнде болды, деп жазады muslim.kz сайты.

«Азамат сол күні түнде ұйықтап жатқанда қатты шошынды. Бұрын ондай әдеті жоқ еді. Содан артынша қайтадан ұйықтап кетті. Мен ертеңіне қарасам, ұлымның іш киімі қан-қан болып тұр екен. Мұнысы несі деп таңданып, онысын шешіп қарадым. Сөйтсем, ұлым сүндеттеліп қалыпты. Өз басым бұған дейін мұндай таңғаларлық оқиғаны көрмек түгілі, естіген де емеспін. Сондықтан уақыт созбай дереу баланы дәрігерге апарып көрсеттім. Ол кісі ары-бері қарап, Азаматтың жыныс мүшесі ғайыптан сүндеттелгенін айтты. Сосын екеуміз ауыл молдасына да бардық. Ал молда Азаматты періштелер сүндеттеген деген қорытындыға келді. Қазір ұлымның денсаулығы жақсы. Осы оқиғадан кейін мазасызданған емес», - дейді анасы.

Азамат әлі кішкентай, алдағы тамыз айында бес жасқа толады. Оның ата-анасы Досбол мен Үрзияның отбасында үш ұл мен бір қыз өсіп келеді. Азамат - үйдегі үшінші бала. «Ұлым сәл қырсықтау, кішкентай балаларға тән еркелігі де бар. Тілалғыш, дегенмен кейде оның ойынша бар айтқаны орындала беруі керек», - деп күледі анасы Үрзия.

Өткен сейсенбіде Азаматтың ата-анасы қой сойып, ауылдастары мен туған-туыстарына арнап дастархан жайды. Бұл күні кішкентай Азаматтың басынан өткен ерекше оқиғаға таңғалмаған адам кемде-кем. Келгендердің барлығы да мұны жақсылыққа жорып отыр.


Тегтер:

Шымкент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!