Дұрыс жол таңдауға мүмкіндік туды

Фотография - Дұрыс жол таңдауға мүмкіндік туды

Шымкенттегі 167/4 қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдер қосымша мамандық алып, жұмыс істеуде.

152 0

Шымкенттегі 167/4 қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдер қосымша мамандық алып, жұмыс істеуде.

Мекеменің ішінен шағын тігін цехы да ашылған. Онда әртүрлі жағдаймен істі болған 45 сотталушы еңбекпен қамтылды. Мекемеде орта мектеп пен кәсіби білім беретін колледж жұмыс істейді. Түзету мекемесінде жалпы 275 әйел жазасын өтеп жатыр. Өмірде шалыс басып, темір торға түскендердің күні бүгінге дейін жүзге жуығы еңбекпен қамтылған. Өңірде дәл осындай 6 түзету мекемесі бар. Ал, облыс орталығында жазасын өтеп шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы ашылған. Онда істі болып, қоғамға қайта оралған адамдардың дұрыс жолға түсуіне көмек беріледі. Орталықта бостандыққа шыққан жандарға медициналық, психологиялық көмек, құқықтық ақыл-кеңес беріледі. Арнайы курста оқытып, мамандығын шыңдаған соң оларға жұмыс орны ұсынылады. «Елбасының «Қазақстан-2050» стартегиялық бағдарламасын тыңдаған түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілер еліміздің қай бағытта дамитындығын түсіндік» дейді.

Светлана ЗЕМЛЯНОВА, жазасын өтеуші:

- Бостандыққа шыққан соң өз бизнесімді ашып,жұмыс жүргізуіме балаларым көмектеседі деп ойлаймын. Мекемедегі жазасын өтеуші әйелдердің басым бөлігі өздерін жақсы жағынан көрсетіп, дұрыс жолға түсіп, ертерек мерзімін өтеп шығуға тырысып жатыр. Себебі, бәрін үйлерінде ата-аналары мен бала-шағалары күтіп отыр.


Тегтер:

Шымкент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!