Ақтөбеде Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды

Фотография - Ақтөбеде Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды

Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағынауданында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің салтанатты ашылуы өтті.

212 0

Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағынауданында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің салтанатты ашылуы өтті.

Бұл Мемлекет басшысының бастамасымен ашылып отырған оныншы зияткерлік мектеп болып табылады.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Назарбаев Зияткерлік мектебі облыстың білім жүйесінің мақтанышына айналып, бүкіл білім ордалары үшін үлгі болатынына сенімін білдірді. Ол мектеп оқушыларына Мемлекет басшысының үмітін ақтауларына тілектестігін білдірді, оның үстіне бұл үшін мұнда барлық жағдайлар жасалған.

Жалпы алғанда Назарбаев Зияткерлік мектебі 720 орынға есептелген, 120 адамға арналған жатақхана да бар. Ғимаратта 59 кабинет жұмыс істейді, мектеп жаңа жабдықтармен, робот техникасы, нано- және биотехнология және тағы басқа зертханалармен жарақтанған.


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!