СЭС мәліметі бойынша елімізде жұқпалы аурулармен сырқаттанғандардың саны өскен

Фотография - СЭС мәліметі бойынша елімізде жұқпалы аурулармен сырқаттанғандардың саны өскен

 Бұл туралы Статистика агенттігінен хабарланды.

266 0

Республикалық санитарлық эпидемиологиялық станцияның  деректері бойынша 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда бактериялық дизентериямен (100,5  пайыз), ротавирус энтеритімен (105,4 пайыз), мерезбен (116,3 пайыз), битшеңдікпен (102,4 пайыз) ауырғандар санының өскені байқалды. Бұл туралы Статистика агенттігінен хабарланды.

Атап айтқанда, АИТВ-жұқпасын тасымалдаушылардың саны 2012 жылы 1986 оқиғаны (2011 жылы- 1991 тасымалдаушылар) құрады, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 31 АИТВ-жұқпасын тасымалдаушылар саны (2011 жылы - 19 тасымалдаушы) анықталды.

Тіркелген жұқпалы аурулардың арасында аса кең тарағаны жоғары тыныс жолдарының өткір жұқпасы - халықтың 100 000 адамына шаққанда 6224,4 (2011 жылғы тиісті кезеңде - 7170,0) оқиға, ішектің өткір жұқпасы - 99,2 (113,2), тыныс органдарының туберкулезі - 70,9 (74,9), мерез - 36,6 (31,9), вирустық гепатит - 10,3 (16,3), битшеңдік - 9,7 (9,6) және қышыма - 6,1 (8,5) болды.

Бұдан бөлек, 2012 жылғы желтоқсанда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ротавирус энтеритімен (1,6 есеге) және эхинококкозбен (105,8  пайыз) ауырғандар саны өскен. Анықталған АИТВ-жұқпасын тасымалдаушылардың саны 90 оқиғаны (2011 жылғы желтоқсанда - 156) құрады.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!