Алматы облысында 110 баласы бар отбасы тұрады

Фотография - Алматы облысында 110 баласы бар отбасы тұрады

КТК телеарнасының хабарлауынша, зейнеткерлер Әнуар Байсарин мен Тұяқ Есқожина 110 бала тәрбиелеп отыр.

122 0

Алматы облысында Қазақстандағы көп балалы ең үлкен отбасы тұрады.

КТК телеарнасының хабарлауынша, зейнеткерлер Әнуар Байсарин мен Тұяқ Есқожина 110 бала тәрбиелеп отыр.

15 жыл бұрын ерлі-зайыптылар базарда жеті жасар жетім қызды көріп, оны бауырларына басқан. Ол кезде Ә.Байсарин мен Т.Есқожинаның өздерінің үш баласы болды. Сол уақыттан бері үйлерінде жетім балалар көбейе түсті, біреулер өздері келсе, екіншілерін табалдырық астына туған аналары тастап кетіп отырды.

«Заң жүзінде осы балалардың қамқоршысымын, 110-ы да өзімнің нақты балаларым. 24 қызым тұрмыс құрды, 12 ұлым үйленді.  Барлықтарының қолында дипломы бар. 25 немерем көріп отырмын», - дейді Т.Есқожина.

Батыр ананың айтуынша, 110 баланың 35-і тастанды. Көбін туған ата-аналары алдап, есік алдына тастап кеткен. Келеміз деп қайта оралмаған.


Тегтер:

көп балалы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!