Құдайға құлшылық денсаулыққа зиянын тигізбеу керек

Фотография - Құдайға құлшылық денсаулыққа зиянын тигізбеу керек

 Жұма-намаз кезінде Алматыдағы қаншама мұсылман өз денсаулығына залал келтіретін көрінеді.

175 0

Құдайға құлшылық ету, Алла алдындағы парызды орындау адам денсаулығына зиянын келтірмеу керек. Алматылық Азамат есімді тұрғын ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шарифке жазған хатында осылай дейді. Айтуынша, Жұма-намаз кезінде Алматыдағы қаншама мұсылман өз денсаулығына залал келтіретін көрінеді.

«Жұма-намаз кезінде Құдайға құлшылық етушілер мешітің ішіне сыймай кететіні белгілі. Мыңдаған адам намазды қыс-жаз демей көшеде және аулаларда тұрып оқиды. Күннің суығында имамдар қасарысқандай намазды ұзағынан оқып, салдарынан далада тұрған адамдардың денсаулығына айтарлықтай зиян келіп жатады. Біздегі климат араб елдеріндегі секілді ыстық емес. Молдалардың өздері намазды далада тұрып оқыса түсінер еді. Олар мүфтияттың емес, Алланың талаптарын орындаса игі іс болар еді. Бар сұрайтынымыз, күннің суық кезінде Жұма-намазды молдалар қысқа қайырып оқыса» дейді шағым айтушы тұрғын.

Расында да, Жұма-намазы кезінде мешіттердің маңынан көлік түгілі, жаяу өтудің өзі мұң. Алла үйіне сыймаған жамағат құлшылығын далада тұрып жасайды. Жаз айларында түк емес, жаңбырлы күз бен қыс мезгілінде шындығында да денсаулықтың сыр беретіні анық.

Азамат бұл сауалын мешіт имамдарына да жолдаған. Алайда, олардан еш жауап келмепті. Ал, Қайрат Лама Шариф бұл сауалды міндетті түрде діни басқарма өкілдеріне жеткізуге уәде етті. Бәлкім, жаңа мүфти халықтың өтінішіне құлақ асып, құлшылық етушілермен санасады деген үміттеміз.

 


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!