Астанада мұнай-газ саласы бойынша бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі басталды

Фотография - Астанада мұнай-газ саласы бойынша бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі басталды

Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында «Болашақ» бағдарламасының түлектері үшін мұнай-газ саласы бойынша бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі басталды

248 0

Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында «Болашақ» бағдарламасының түлектері үшін мұнай-газ саласы бойынша бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі басталды.

Іс-шараны ұйымдастырушы - «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы басшысының орынбасары Әсет Әбдуәлиевтің хабарлауынша, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін «Теңізшевройл» және «Шлюмберже Лоджелко Инк» компаниялары өткізуді ұсынды. «Олар өздері өтініш жасап, мұнай-газ саласындағы кәсіби мамандарға нақты сұраныстың бар екендігін білдірді. Оның саны әжептәуір көп. Бүгін біз компания өкілдерін жас мамандармен таныстырып жатырмыз. Алдағы бір айдың ішінде осы жерде жүрген түлектердің басым бөлігі жұмысқа орналасады деп сенеміз», - дейді Ә.Әбдуәлиев.

Айта кетейік, ақпанның 27-28-сі күндері «Шлюмберже Лоджелко Инк» компаниясы іріктеу жүргізсе, наурыздың 1-2-сі күндері «Теңізшевройл» ЖШС «Болашақ» түлектерін жұмысқа қабылдау жұмысын өткізеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!