Республикалық маңызы бар жолдардың барлығы ашық

Фотография - Республикалық маңызы бар жолдардың барлығы ашық

 Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

156 0

Осы уақытта Қазақстанның республикалық маңызы бар барлық жолдары ашық. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Боранға байланысты Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы бірқатар жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысы шектелген болатын. Атап айтқанда, қазіргі кезде "Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" жолының  36-123 шақырымындағы «Предгорное -РФ шекарасы» аралығы; "Алматы-Өскемен" жолының 977-1075 шақырымындағы «Қалбатау ауылы-Қ.Қайсенов ауылы» аралығы; "Өскемен-Семей" жолының 9-198 шақырымындағы «Герасимовка ауылы-Семей қаласы» аралығы; "Семей-Новоалтайский-РФ шекарасы"  жолының 2-113 шақырымы аралығы және "Семей-Қайнар" автожолының 8-284 шақырымы аралығында көлік қозғалысы қайта жанданды.

Бұдан бөлек, Павлодар облысы аумағындағы "Ульяновск-Баянауыл-Қалқаман" жолының  93-324 шақырымындағы «Қарағанды облысының шекарасы-Қалқаман қаласы» аралығында да жол ашылды.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі)  арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!