Желдің екпіні 25 м/с-қа жетуі мүмкін, ескерту жарияланды

Фотография - Желдің екпіні 25 м/с-қа жетуі мүмкін, ескерту жарияланды

27-28 ақпан күндері аймақта қар жауып, бұрқасын тұрады.

201 0

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне сәйкес, 27-28 ақпан күндері аймақта қар жауып, бұрқасын тұрады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соққан желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Осыған орай, өңірде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тиісті мекемелер ескертілді. Төтенше оқиғалар жағдайында жедел әрекет ететін күш-құралдар дайындалып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Жалпы, Батыс Қазақстанда биыл қыс жайлы өтіп келеді. Облыстың оңтүстік аудандарында мал қаңтарға дейін жайылып, жемшөп үнемделді. Жәнібек ауданының әкімі Берік Есенғалиевтің айтуынша, қазіргі күні мал азығы жеткілікті.


Тегтер:

жел тұрады

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!