Ленин мектебіне мұғалімдер жетпей жатыр

Фотография - Ленин мектебіне мұғалімдер жетпей жатыр

Ал ауылдан аттап шыққан қазақ мұғалім болуға, полиция болуға құмар.

178 0

Сіз келісерсіз-келіспессіз, әр ұлттың өзіне тән, қолайына жағып тұрған кәсіптері болады. Қазақ – малға жақын, оңтүстіктегілер – саудаға шебер, орекеңдер –темір-терсекке бейім. Ал ауылдан аттап шыққан қазақ мұғалім болуға, полиция болуға құмар.

Қазіргі күні көпшілік ауылдық жерлерде мектептен басқа жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелер қалмаған. Және қазақтың бойында баяғыдан сіңісті болып қалған ұстазға деген құрмет пе, әйтеуір ауыл адамдары балаларын негізінен мұғалімдік мамандық бойынша оқуға береді. Сондықтан жергілікті ұлт шоғырланып отырған елді мекендердің қайсына барсаңыз да, мектепке жұмысқа тұру, Астанада министірлік қызметке кіруден, әй, бір кем емес-ау.

Сөйтіп, қаракөздеріміз мұғалімдікке таласып жүргенде, өзге ұлт өкілдері бүгінгі заманның сұранысына сай инженер, механик, құрылысшы, дәнекерлеуші, токарь, фрезерші, сантехник, т.б мамандықтарын игеріп, күреп болмаса да, күнделікті тіршілігіне жететін кәсіптерін шыр айналдырып отыр. Олар қандай қысылтаяң күн туса да жұмыссыз қалмайтынын біледі. Жұмыс таппай қиналатын ауылдардағы «министірліктерге бергісіз» қызметке кіре алмай жүрген өз бауырларымыз.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Самат Ескендіровтың блогына келіп түскен хат жоғарыдағы сөзімізді тағы бір дәлелдей түсетін сияқты. Онда Тимирязев ауданының Ленин атындағы (ол байғұстың атында әлі де мектеп бар екен-ау!) мектепте мұғалімдер жетіспейтіндігі айтылған. Мәселен, білім ошағында тарих, жағрапия, құқықтану пәндері бойынша мұғалімдер жоқ. Мұндай жағдайда балаларымыз ертең ҰБТ-ны қалай тапсырады деп ата-аналар зар қылады. Міне, қазақ ауылдарында мектептен мұғалімдік орынды табу қиямет-қайым болса, өзге ұлт өкілдері көп мекендеген өңірлерде мұғалім жетіспей жатыр. Мүмкін, біздің бұл мысалымыз жүз пайыз шындыққа сәйкес келмейтін шығар. Дегенмен, ақиқаттың ауылынан алыс кетпегеніміз анық.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!