Air Astana «Ақтау-Алматы» рейсін кешіктірген мұнайшыларға әкімшілік шара қолданбайды

Фотография - Air Astana «Ақтау-Алматы» рейсін кешіктірген мұнайшыларға әкімшілік шара қолданбайды

Ақтау әуежайында  Air Astana ұшағымен Алматыға ұшып бара жатқан екі мұнайшы төбелес шығарды

469 0

Ақтау әуежайында  Air Astana ұшағымен Алматыға ұшып бара жатқан екі мұнайшы төбелес шығарды.

26 ақпанда, сейсенбі күні авиакомпания "Ақтау-Алматы" бағытымен ұшып бара жатқан КС86 рейсін кідіртті.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, авиакомпания экипажы қалыптасқан жағдайға орай "қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы рәсімдерге сәйкес төбелесқорларды рейстен қалдырып, ЖІІБ қызметкерлеріне тапсыруға" шешім қабылдады.

"Олармен бірге осы жолаушылардың 11 қызметтесі де ұшудан бас тартты. Ұшақ бортында 101 жолаушымен 40 минут  кешігіп, Алматыға ойдағыдай жетті", делінген компанияның баспасөз баянында.

Бүгін авиакомпания "Ақтау-Алматы" рейсін кешіктірген мұнайшыларға әкімшілік шара қолданбайтыны туралы хабарлады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!