Ақмола және Павлодар облыстарында жол қозғалысына шектеу қойылды

Фотография - Ақмола және Павлодар облыстарында жол қозғалысына шектеу қойылды

деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен.

224 0

Ақмола және Павлодар облыстарында қолайсыз ауа-райына байланысты бірқатар жолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен.

Ақмола облысында қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты:

"Астана-Ерейментау-Шідерті" а/ж 16-205 шақырымы, Астана қ.-Павлодар обл.шекара аралығында;

"Астана-Петропавловск" 18-232 шақырымы, Астана қ. - Щучинск қ. аралығы;

"Екатеринбург-Алматы" 856-1247 шақырымы, Солтүстік Қазақстан обл.шекара - Астана қ. аралығы;

"Щучинск-Зеренді"а/ж  0-80 шақырымы аралығында;

"Көкшетау-Рузаевка" а/ж 0-61 шақырымы аралығында;

"Көкшетау-Омбы" а/ж 2-50 шақырымы аралығында;

"Көкшетау-Атбасар" а/ж 0-184 шақырымы аралығында;

"Көкшетау қ.айналымы" а/ж 0-18 шақырымы аралығында;

"Астана-Петропавловск" а/ж 280-293 шақырымы, 17 бөлім-Көкшетау қ.; 304-341 шақырымы, Көкшетау қ.-Солтүстік Қазақстан обл.шекара аралықтарында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Павлодар облысында кеше сағат 17.00-ден бастап Ақмола облысындағы қолайсыз ауа райына (қар, боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін "Астана-Ерейментау-Шідерті" а/ж 205-259 шақырымы, Ақмола обл.шекара-Шидерті аралығында жол қозғалысына шектеу қойылды.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі)  арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!