Астанада 582 адам АҚТҚ (ВИЧ) дертіне шалдыққан

Фотография - Астанада 582 адам  АҚТҚ (ВИЧ) дертіне шалдыққан

 Астана қаласы бойынша 582 адам АҚТҚ (ВИЧ) вирусына шалдыққан деп тіркеуге алынған

172 0

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес, Астана қаласы бойынша 582 адам АҚТҚ (ВИЧ) вирусына шалдыққан деп тіркеуге алынған. Бұл туралы бүгін Астана қаласы бойынша ЖҚТҚ (СПИД) ауруымен күрес жүргізу және оның алдын алу жөніндегі орталық өткізіп жатқан семинар барысында белгілі болды.

Орталық дәрігерлерінің айтуынша, 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға көз салсақ, елорданың 582 адамы қазіргі таңда АҚТҚ вирусын жұқтырған науқас ретінде тіркеуде тұр. Бұл 100 мың адамға шаққанда 81,1 адам осы вирусты жұқтырған деген сөз. Ал өткен жылдың өзінде ғана қала бойынша 99 адам осы вирусты жұқтырған екен.

Айта кетейік, бүгін Астана қаласының ЖҚТҚ ауруымен күрес жүргізу және оның алдын алу жөніндегі орталық Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бір күндік семинар-тренинг ұйымдастыруда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!