Шудағы нан 600 грамм шықпайды

Фотография - Шудағы нан 600 грамм шықпайды

Балжан есімді Шу қаласының тұрғыны аудан әкімі Ілияс Тортаевтың жеке блогына нан мәселесіне байланысты шағымданыпты. 

167 0

Балжан есімді Шу қаласының тұрғыны аудан әкімі Ілияс Тортаевтың жеке блогына нан мәселесіне байланысты шағымданыпты. 

«Шу қаласының кез келген наубайханалары нанды стандарт мөлшермен, яғни 600 грамм есебімен пісірмейді. Нан құнарсыз. Лайықты бағамен сатылмайды. Бағасы күн санап арзандаудың орнына шарықтап бара жатыр (70тг). Көп балалы отбасыларға ауыр тиюде. Мысалы, Таразда нан құнарлы, әрі 45 теңге тұрады, стандартқа сай. Тұтынушы ретінде Шу қаласында да дәл солай болуын сұраймын» деп отыр.

«Сіздің көтерген мәселеңіз өте маңызды. Сондықтан, 2013 жылдың 26 және 28 қантарында аудан әкімінің міндетін атқарушы Е. Өмірәлиевтің басшылығымен екі жиналыс өткізілді. Жиналысқа Шу аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Ниязбеков, аудандық мәслихат хатшысы Б. Саудабаев, аудандық мәслихатының депутаты И. Тортаев, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы С. Зәуірбеков, аудандық салық комитетінің аудит бөлімінң бастығы М. Жанатаев, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары Н. Жақсыбаев, ауданның наубайханашылары А. Асатов, М. Асланов, С. Асланов, Н. Мустафаев, В. Курбанов, А. Андасбаев, Шу қаласы және ауылдық (селолық) округ әкімдері, Шу қаласы және ауылдардағы нан сататын дүкен иелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиналыста нанның салмағы сатандартқа сай болуы мен сатылу бағасы талқыланды. Нәтижесінде, Сіздің өтінішіңізде көрсетілген фактілер расталып, Шу қаласының және ауылдардың кейбір дүкендерінде әлеуметтік нан 50-55 теңгеден сатылатыны анықталды.

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары Н. Жақсыбаевқа «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағалығымен комиссия құрып, комиссияның құрамына аудандық СЭС-і, Салық комитеті, Прокуратура, кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлерін қосып, нанның бағасын, салмағын және сапасын бақылау үшін 10 күнде 1 рет тексеріп, нанды тұрақты бағамен сату тапсырылды» делінген жауапта.

Кейде әкімдердің жеке блогына түскен шағымдардан нәтиже шығып жатқандығын да байқаймыз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!