Елордада «Бұрқасын-2013» шаңғы мерекесі өтеді

Фотография - Елордада «Бұрқасын-2013» шаңғы мерекесі өтеді

2 наурыз күні елордада «Бұрқасын-2013» шаңғы мерекесі өтеді.

202 0

Астана қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы бастығының орынбасары Самат Қабдулиннің атап өтуінше, ағымдағы жылы осымен 13-ші рет ұйымдастырылып отырған спорттық шараға қала тұрғындары мен қонақтары көптеп қатысады деп күтілуде. Айта кетерлігі, бұл шара алғаш рет өткізілген кезде шамамен 300-400 адам қатысса, соңғы 2 жылда бағын сынап, жарыс жолына шығатындардың қатары мыңнан асып жығылған. Ал биыл бірнеше қашықтық бойынша ұйымдастырылатын шаңғы жарысына шамамен екі жарым мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында мектеп оқушылары, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері, елордалық мемлекеттік құрылымдардың, кәсіпорындардың, күш-қуат құрылымдарының қызметкерлері бар.

Жарыс 2 наурыз күні сағат 12:00-де басталып, Есіл өзені арнасы үстінде қалалық саябаққа апаратын жаяу жүргіншілер көпірінен бастап Тұлпар көпіріне дейінгі аралықта ұйымдастырылады. Бұқаралық жарыс бағдарламасында ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер, балалар, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы сайыс бар. Дәстүрлі шаңғы мерекесінің жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Сонымен қатар шаңғы жарысынан бөлек мұз ойығынан балық аулау, белбеу күресі, допты хоккей, шағын футбол, армрестлинг, кір тасын көтеру, арқан тарту, бұқа тартыс сынды спорт түрлерінен де сайыстар ұйымдастыралады.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!